9 сынып оқушысы Серкеева Гаухар «Елбасы медалі» жобасының «Қола медаль» иегері атанды. Алты ай бойы өзін-өзі дамытуға бел байлап, алдына мақсат қоя отырып, өз дағдыларын дамытқан Гаухардың қуанышында шек жоқ. Оқушы жобада «Еріктілік», «Кітап оқу», «Спорт» бағыттары бойынша алға қойған мақсаттарына қол жеткізді. Бағдарламаның негізгі символы - табыстың 7 жебесін білдіреді. Осы жеті бағыт бойынша бағдарламаны аяқтау жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына ықпал етеді. Карантиннен шаршап жүрген жастар үшін жақсы мотивацияға айналады.

«Елбасы медалі» жастардың тек білімінің және табысының символы ғана болып қалмайды. Болашақ мектеп түлектері үшін де елдегі ЖОО-ларда білімдерін жалғастыруға бағытталған тың қадам. Медаль иегерлерінің ұпайлары тең болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен білім грантын және қала әкімінің грантын алуға толық құқығы бар. Сондықтан, Гаухар өз сыныптастарын осы жобаға қатысуға шақырады.

Разработано в - создание сайтов в Астане