02.04.  №31 мектеп-гимназиясының оқушылары ең ірі «International Education Fair 2026» халықаралық білім көрмесіне барып қайтты.

25.02 Сыныптан тыс іс- шара “ Қазақ Smart Quiz” интеллектуалдық ойыны 1-4 сыныптар арасында

16.03 Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Осы игі іске атсалысып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Акция барысында азық-түлік таратылды.
Баршаңызға мейірімділік танытып, жасаған жақсылықтарыңыз үшін үлкен рақмет!

19.01.2026 ж. «Заң мен тәртіп» – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқушыларды заңды құрметтеуге және тәртіпке бағынуға үйрететін маңызды механизм болып табылады. Құқықтық сауаттылықты арттыру, тәртіп мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы моральдық әрі құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында №31 мектеп-гимназиясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мазмұнына сәйкес қаңтар айы «Заң мен тәртіп» құндылығы айы болып белгіленді.

01.06.2026 күні №31 мектеп-гимназиясы жанындағы «COOL KIDS» жазғы лагерінің салтанатты ашылуы өтті.
Балалар үшін қызықты ойындар, көңілді флешмобтар мен мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды. Лагерьдің алғашқы күні көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерге толы болды. Барша балаларға қызықты демалыс пен ұмытылмас сәттер тілейміз! ☀️🌈

8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай, 10 «Ә», 11»А» сынып оқушылары «Әжемнің жылы алақаны» тақырыбында сыныптан тыс кездесу өткізді. Шараға аяулы ана, ардақты әжелер Молдахметова Забира және Егізбаева Динегул ханымдар қатысып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпаққа тәлім-тәрбиесі мол ақыл-кеңестерін айтты

9.02.2026 ж. Қазақ поэзиясының Хантәңірі атанған Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толды. Ақиық ақынның мерейтойына орай 31 мектеп гимназиясының қазақ тілі және әдебиет мұғалімдері оқушылармен біріге мерекелік кеш өткізді. Театрлық қойылымдар, поэтикалық-музыкалық концерт кеші болды.

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Құстарға ұя жасаймыз” челленджі.Құстар- табиғаттың ажырамас бөлігі ,ал оларға қамқорлық жасау - әрбір азаматтың парызы .
Бастауыш қазақ сыныптары

28.02  №31 мектеп-гимназиясының оқушылары еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі — Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың студенттік өміріне терең бойлады. 🏛️
Біз не білдік?
🔹 Биылғы оқуға түсудің барлық қыр-сырын;
🔹 IT-ден бастап халықаралық қатынастарға дейінгі факультеттер алуан түрлілігін;
🔹 ҰБТ тапсырудың ең өзекті ережелерін.
Университет таңдау — ең жауапты қадамдардың бірі, ал бүгін біз сол мақсатқа бір табан жақындай түстік. Жылы қабылдау мен құнды ақпараттар үшін ЕҰУ-ға алғыс айтамыз!
 
 

16.02.2026 ж. 31 мектеп-гимназиясында Онкүндіктің үшінші күнінде «Өлең-сөздің патшасы»мәнерлеп оқу сайысы өтті. З-сыныптар арасында балалар ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Страница 1 из 3

Разработано в - создание сайтов в Астане