Бүгін мектебімізде Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында ардақты ұстаздарымыздың еңбегі еленіп, марапаттар табысталды.
Марапаттау сәттері — ұстаздарымыздың еңбегіне деген алғыс пен құрметтің айқын көрінісі болды.
Ал мерекелік бағдарлама ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ерекше әсер қалдырды.
Ұстаздар күні құтты болсын!

2025 жылдың 19 қыркүйегінде №31 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға 5 және 9-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысып, мектеп ауласын тазартты. Акция барысында оқушылар табиғатты қорғаудың маңызы туралы ой бөлісіп, жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсетті. 19 сентября 2025 года в №31 школе-гимназии прошла экологическая акция «Чистый Казахстан». В мероприятии приняли участие учащиеся 5-х и 9-х классов вместе с классными руководителями, очистив территорию школы. В ходе акции школьники поделились мыслями о важности защиты природы и показали пример ответственного отношения к окружающей среде

1 қыркүйек – Білім күні!
“Мектебім – мейірім мекені” атты алғашқы қоңырау мерекеміз жоғары деңгейде өтті!
Бүгінгі күн —1-сынып бүлдіршіндері үшін жаңа әлемге жасалған алғашқы қадам,
11-сынып оқушылары үшін жауапты жылдың бастауы.
Барлық оқушыларға білім жолында сәттілік, ал ұстаздар мен ата-аналарға толағай табыс тілейміз! Жаңа оқу жылы жарқын жетістіктерге толы болсын!

 

25.10.2025 Республика күніне орай мектеп-гимназияның 3”Ғ” және 3”З” сынып оқушыларымен “Менің Отаным-Қазақстан!”атты патриоттық сағат өткізілді.
Шараның мақсаты:Туған жерімізді,елімізді сүюге,еліміздің рәміздерін қадірлеуге,адалдыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқушылар Отан,Қазақстан туралы тақпақтарды мәнерлеп оқыды.Топтық тапсырмалар орындады.”Атамекен”әнін барлығы қосыла шырқады. Балалардың назарына тақырыптық көрме ұсынылды.

№31 мектеп-гимназиясының 8–11 сынып оқушылары арасында нашақорлық, буллинг, алаяқтық, мектептегі тәртіп, психологиялық қолдау, құқықбұзушылықтың алдын алу және басқа да зиянды әрекеттердің алдын алу мақсатында іс-шара өткізілді.

Страница 3 из 3

Разработано в - создание сайтов в Астане