23.05.2025 ж. “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында эссе байқауы өтті. Эссе байқауы келесі бағыттар бойынша өткізілді: “Таза Қазақстан,” “Заң мен тәртіп,” “Адал азамат.” Байқауға 3-4 сынып, 5-9 сынып, 10-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау нәтижесі бойынша үздік танылған эсселер қалалық кезеңге қатысады.

13.05.2025 ж. “Оқуға құштар мектеп” Республикалық жобасы аясында мектебімізде биыл 3-ші жыл “Reading challenge” кітап оқу сайысы өтті. Бүгін сайыс барысында оқушыларымыз жыл бойы кітап оқып, әр ай сайын тест тапсырып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін сыйлықтармен марапатталды. Биылғы оқу жылында мектебімізден 3-11 сыныптар арасында барлығы 250 оқушы қатысты.

02.04.2025 ж. Ұстаздар мен мектеп әкімшілігі аутизммен ауыратын балаларды қолдауда маңызды рөл атқарады. Білім беру ұйымдары әр бала өз ерекшеліктеріне қарамастан жайлы сезініп, қажетті қолдау алатын инклюзивті орта құруы өте маңызды.

19.03.2025 ж. “Наурыз -жыл басы” атты мерекелік іс-шарада қазақтың салт -дәстүрлерімен танысып, ұлттық құндылықтарды білу, сақтауға бағытталған мағлұматтармен танысты

03.03.2025 ж. Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында Абай Құнанбайұлының 180-жылдығына арналған **»Абай дара, Абай дана»* әдеби сазды іс-шара өтті.

27.02.2026 ж. Көктемнің алғашқы күні, 1 наурыз “ Алғыс айту” күні құтты болсын!

8 ақпан күні №31 мектеп-гимназиясында 6-сынып оқушылары арасында спорттық эстафета өтті. Оқушылар тамаша физикалық қабілеттерін, командалық жұмысты және бәсекелестік рухын көрсетті. Эстафета әртүрлі қызықты әрі динамикалық тапсырмалардан тұрды, бұл барлық оқушылардың белсенді қатысуын және әсерлі эмоцияларын тудырды.

2025 жылдың 30 қаңтарында ғылым апталығы аясында 5 -ші сынып білім алушылар арасында *”Ғылым әлемі - балалардың көзімен”* атты байқауы өтті. Белсенді ат - салысқан сыныптарға: 5 “А”, “Б”, “В”, “ Г”, “Ғ”, “ Д”, “Ж”, “К” және осы сыныптардың сынып жетекшілеріне мың алғыс.🌹

22.01.2025 ж. Мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті.
📌 Ата-аналар жиналысында:
🔹 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары
🔹 Мектептегі ашықтық пен әділеттілікті сақтау
🔹 Ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу жолдары
🤝 Бірге – адал, әділ, сенімді орта қалыптастырайық!

16.01.2025 ж.  күні мектеп-гимназиямызда парламент мүшелері мен педагог-ұйымдастырушы көңілді қоңырау өткізді! Бұл күні мектепте ерекше атмосфера болды. Оқушылар бірге қызықты ойындар мен жарыстарға қатысып, бір-бірін қолдап, қуанышқа бөленді. Қоңырау кезінде әртүрлі тапсырмалар мен күлкілі сайыстар өткізіліп, барлығының көңіл-күйі көтерілді. Көңілді қоңырау мектепке ерекше қуаныш әкеліп, бәрімізге жақсы көңіл-күй сыйлады.

Страница 1 из 2

Разработано в - создание сайтов в Астане