13.12.2024 ж. №31 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздік мерекесіне орай Біртұтас тәрбие бағытымен “Қазақстан- елім менің” атты мерекелік кеші өтті. Тәуелсіздігіміздің тағы бір жаңа күнін қуана қарсы алған іс-шарада “Атамекен” әнін оқушылармен қосыла ұстазлар да шырқады. Мектеп оқушыларының әуелете айтқан әні, күйі, биі мен поэзия, өлең, арнаулары жүрек толқытар сезімге бөледі.

12.12.2024 ж. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткізіліп жатқан челлендж

15 қараша күні, мектебімізде 8-9 сыныптар арасында волейболдан *”Валюта күніне”* арналған әуесқой турнирі өтті.

15 қараша күні 31 мектеп-гимназиясында 5-сынып оқушылары арасында “Күз аруы” байқауы өтті. Күзгі бал балаларға Жылдың ең әдемі мезгілі туралы айтып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді. Байқауға 12 оқушы қатысты.

24.10.2024 ж. Әкем, анам және мен – мектепте белсенді отбасы” атты эстафета өтті! 1-сынып оқушылары мен ата-аналары арасында өткен бұл шара нағыз мереке мен жарысқа толы болды. Отбасылар спорттық эстафетада жарысып, бір-бірімен ынтымақты түрде өнер көрсетті. Іс-шараның басты мақсаты – отбасылық байланыстарды нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу және мектеп қауымдастығының бірлігін арттыру болды

15.10.2024 ж. Бердібек Соқпақбаев шығармаларын бірге оқимыз!
Биыл қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына -100 жыл!Осы мерекеге орай 31 мектеп-гимназия кітапханасында Бердібек Соқпақбаев өлеңдерін мәнерлеп оқу ұйымдастырылды.

22.09.2024 ж. 31 мектеп-гимназиясында Біртұтас тәрбие аясында ұйымдастырылған іс-шаралар өткізілуде.Ұлттық құндылыққа байланысты, мектебіміздің білім алушылары ұлттық ойындар ойнап, үзіліс уақытын тиімді пайдаланады.

13.09.2024 ж. Reading challenge кітап оқу сайысына 3-4 сыныптар (1 топ), 5-7 сыныптар (2 топ), 8-11сыныптар (3 топ) оқушылары қатыса алады.

26 тамызы мен 6 қыркүйегі аралығында елорда аумағында “АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР” республикалық акциясы өткізіледі

2024-2025 оқу жылының 1-11 сынып оқушыларының мектеп формасы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы», Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығының негізінде мектеп оқытудың зайырлы сипатына сәйкес

 

Страница 2 из 2

Разработано в - создание сайтов в Астане