Қауіпсіз интернет

 

 

1.Әлеуметтік желілер

  • Сөйлесіп отырған адамыңа кездескен кезде қоятын сұрақтарыңды қой.
  • Өзің туралы қандай ақпарат беретініңді тек сен ғана шешесің.
  • Өз аккаунтыңды қауіпсіздендіруге тырыс. Өз құпиясөзіңді  ешкімге айтпа.
  • Желіде басқа адам туралы ақпарат жариялама.
  • Егер желіде бүркеншек (псевдоним) атпен тіркелген болсаң,  оны тек  сенетін адамдарыңа ғана айт.

 

2. Мобильді ғаламтор

  • Кім болса соған телефон нөміріңді берме.
  • Хабарлама, фото, видеолардың күмәнді таратылымдарына қосылма.
  • Ғаламторда отырғанда Bluetooth-ды қосылған күйінде қалдырма.
  • Жарнама тарататын SMS-ге назар аударма.

 

3. Онлайн-ойындар

  • Қандай ойындар ойнап жүргеніңді өзің сенетін басқа адамдарға, әсіресе үлкендерге айт.
  • Желіде басқа ойыншылармен сөйлескенде сақ бол. Тышқанды қандай адам басқарып

отырғанын ешқашан білмейсің.

  • Ойында серіктес болу мен достықты шатастырма.
  • Ойынға қанша уақыт жұмсау керектігі туралы ата-анаңмен келісіп ал.

 

4. Чаттар, блогтар, форумдар

Айтылған нәрсе ұмытылады, жазылған нәрсе қалады.

Өзіңе тым дөрекі, ұятсыз емес лақап ат ойлап тап.

Өзіңнің ішкі түйсігіңе сен, мазасыздық сезінсең, ғаламтордан шық.

Ең маңызды нәрсе – ол сенің өмірің, сенің қалауың. Сөйлескің келмесе, желіге қосылма.

Сөйлесіп болған соң, видеокамераны өшіруді ұмытпа.

Сенің өмірде де, ғаламторда да  жауапкершіліктерің бар.

Басқа біреудің суретін жарияламас бұрын, рұқсатын ал.

Сенің парақшаңда басқа адамдардың  не жариялап жатқанын бақылауда ұста.

Сен туралы ақпаратты не үшін сұрап, қайда қолданғалы жатқанын сұрап біл.

Өзің туралы жеке ақпараттарды  жарнамалалық сілтемелерде  жариялаудан бас тарт.

Өз суреттеріңді желіде жариялауға рұқсат берме.

Рұқсатыңсыз  жарияланған суреттерді өшіруді талап ет.

Мазалаған сұрақтарың болса, сайттың модернаторының көмегіне жүгін.

 

 

Ғаламторда жарияланған ақпараттың барлығы негізді емес, сондықтан:

  • Балалардың  сындарлы ойлауын қалыптастырып, ғаламтордағы ақпараттың барлығы шынайы емес екенін түсіндіру керек;
  • Баланы ғаламтордан алған ақпаратты басқа ақпарат көздерімен салыстыруға үйретіңіз;
  • Балаларды түрлі жолмен ақпарат іздеуге үйретіңіз.

 

Ғаламторда  ұнамсыз ақпараттар кездестірген жағдайда:

  • Балаларға адамдар және нәсілдер арасында жауласудың  еш ретсіз дүние екенін түсіндіріңіз;
  • Баламен дін туралы сөйлесіңіз, басқалардың сенімін сыйлауға үйретіңіз;
  • Баланы жағымсыз, зиянды ақпараттарды тануға, ондай ақпараттардан бойын аулақ ұстауға үйретіңіз;
  • Қорғаудың  бағдарламалық құралдарына  бақылаудың қосымша элементі деп қараңыз.

 

Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету:

  • Балалар қашан да үлкендердің көмегіне жүгіне алатын болу керек;
  • Балалардың ғаламторда бір-бірімен сөйлескенде,  әдеп сақтап, сыпайы болуын талап етіңіз;
  • Рұқсатсыз ғаламтордағы жаңа таныстарымен кездесуіне жол бермеңіз;
  • Спам хаттарды  кейін қайтарудың, басқа біреуге жіберудің еш қажеті жоқ.
  • Баланың әлеуметтік сайттарда арандатушы ақпарат, сурет, видео салуына тиым салыңыз;

Өзі туралы ақпаратты ғаламторда жариялауға тиым салыңыз (тегі, аты, мекенжай, жасы, телефон нөмірі, электронды мекенжай, мектептің атауы, сыныбы, достарының тегі,туыстары).

 

 

Қауіпсіздікті көтерудің  алғашқы қадамдары:

  • Компьютердің   бағдарламалық жабдықтарының лицензиялары болатын болсын;
  • Антивирустық бағдарламалар орнатыңыз;
  • Антивирустық бағдарлама базасының  үнемі жаңарып отыруын қадағалаңыз;
  • Компьютерді үнемі вирусқа тексеріп тұрыңыз. Спам-сүзгі орнатыңыз;
  • Өзіңіз білмейтін қолданушыдан келген хатты ашпаңыз;
  • Спамды басқа адамдарға жібермеңіз.

 

 

Интернеттегі қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етуге болады?

Разработано в - создание сайтов в Астане