
2025 жылдың 19 қыркүйегінде №31 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға 5 және 9-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысып, мектеп ауласын тазартты. Акция барысында оқушылар табиғатты қорғаудың маңызы туралы ой бөлісіп, жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсетті. 19 сентября 2025 года в №31 школе-гимназии прошла экологическая акция «Чистый Казахстан». В мероприятии приняли участие учащиеся 5-х и 9-х классов вместе с классными руководителями, очистив территорию школы. В ходе акции школьники поделились мыслями о важности защиты природы и показали пример ответственного отношения к окружающей среде

№31 мектеп-гимназиясының 8–11 сынып оқушылары арасында нашақорлық, буллинг, алаяқтық, мектептегі тәртіп, психологиялық қолдау, құқықбұзушылықтың алдын алу және басқа да зиянды әрекеттердің алдын алу мақсатында іс-шара өткізілді.

1 қыркүйек – Білім күні!
“Мектебім – мейірім мекені” атты алғашқы қоңырау мерекеміз жоғары деңгейде өтті!
Бүгінгі күн —1-сынып бүлдіршіндері үшін жаңа әлемге жасалған алғашқы қадам,
11-сынып оқушылары үшін жауапты жылдың бастауы.
Барлық оқушыларға білім жолында сәттілік, ал ұстаздар мен ата-аналарға толағай табыс тілейміз! Жаңа оқу жылы жарқын жетістіктерге толы болсын!
