Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдерді (IP: 77.245.105.165) әзірледі:


- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz» , «Abai.institute» , «Tilmedia.kz» , «Balatili.kz» порталдары;

- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz» , «Тermincom.kz» , «Sozdikqor.kz» , «Qazcorpora.kz» порталдары;

-барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;

- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;

- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;


- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.

Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.

Атқарылған жұмыс туралы мәліметті қосымшадағы 1-кестеге сәйкес 2022 жылғы 21 маусымға дейін жолдауды сұраймыз.

Разработано в - создание сайтов в Астане